Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодар облысында бес адамнан тұратын топтан 100 млн теңгенің вейпі тәркіледі
Жаңалықтар

Павлодар облысында бес адамнан тұратын топтан 100 млн теңгенің вейпі тәркіледі

31.10.2024
1 мин
0
944
Сурет: Polisia.kz

Павлодар облысы полиция департаментінің жедел қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрондық темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ІІМ хабарлағандай, қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер жүздеген мың электронды темекі құрылғысын, 1 миллион теңгеден астам ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбаларды және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапты.

Заңсыз қызметі үшін 5 азамат ұсталды, олар топта әрекет ете отырып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электрондық темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді өткізуді ұйымдастырды.

- Темекіге жатпайтын темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

20 маусымда Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске саламыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл