Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар облысының Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимов пен Экибастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшері арасында жанжал шықты деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жазбада фельдшердің миы шайқалып, дене жарақатын алғаны айтылып, қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде хабарланған. Алайда облыстық полиция департаменті бұл деректі жоққа шығарды.
- Оқиға кешкі уақытта, қызметтік міндеттерін атқару кезінде емес, іс-шарада болған. Жанжал тұрмыстық сипатта, кәсіби қызметке қатысы жоқ. Тараптар татуласып, бір-біріне шағымы жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасы фельдшерге медициналық көмек көрсетілгенін растады. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан.