Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
30 шілде күні Павлодар қаласында бесінші қабаттан екі бүлдіршін мен әйел адамның құлағаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға Нұрмағамбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде тіркелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел адам алдымен 1,5 және 5 жастағы балаларын терезеден лақтырып, артынша өзі секіргені анықталды. Оқиға кезінде пәтерде тек анасы мен балалар болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар мен олардың анасының жағдайы өте ауыр, барлығы да жедел түрде ауруханаға жеткізілді:
• Балалар – облыстық балалар ауруханасына,
• Әйел – қалалық №1 ауруханаға жатқызылды.
Жедел жәрдем қызметі шақыртуды сағат 13:00-де қабылдап, алты минут ішінде оқиға орнына жеткен. Үш жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған.
Балалар омбудсменінің хабарлауынша, бұл кезде үйде басқа ешкім болмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде.