Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасында 44 жастағы облыс тұрғынынан қайтыс болғаннан кейін көп ағзалық донорлық операция жасалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Операция Республикалық орталықтың үйлестіруімен өтті. Донор отбасының шешімі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында күту парағында тұрған екі пациент жаңа өмірге мүмкіндік алды.
Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен "UMC" корпоративтік қорының трансплантологтары қатысқан күрделі операция кезінде жүрек пен бүйрек алынып, тиісті науқастарға сәтті трансплантацияланды.
"Қазтрансплант" деректері бойынша, 2025 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда ағза трансплантациясын күтіп отырған 4 384 пациент бар. Оның ішінде:
• 3 890 ересек және 90 бала – бүйрекке мұқтаж;
• 201 ересек және 21 бала – бауырға;
• 25 ересек және 2 бала – өкпеге;
• 143 ересек және 6 бала – жүрекке;
• 4 ересек пен 2 бала – жүрек-өкпе кешеніне мұқтаж.
Бұл деректер елімізде қайтыс болғаннан кейінгі донорлық пен трансплантология мәдениетін дамыту қажеттігін тағы да айқындайды.