461.39
534.75
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Педагогтерге сыйақы беру кімнің құзырында? Министрлік түсіндірді
Жаңалықтар

Педагогтерге сыйақы беру кімнің құзырында? Министрлік түсіндірді

17.08.2026
мин
0
148
Сурет: syrboyi.kz

Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдерге берілетін сыйақы мәселесі қайта көтерілді. Алайда бұл төлем республикалық деңгейде барша педагогке автоматты түрде тағайындалмайды — оның болуы жергілікті бюджет пен мектептің қаржылық мүмкіндігіне байланысты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мұғалімдер үшін қосымша төлем мәселесінде көпшілік ескере бермейтін маңызды жайт бар. Педагогтің сыйақы алуы оның мамандығына ғана емес, жұмыс істейтін білім беру ұйымының қаржылық мүмкіндігіне де тәуелді.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңындағы брифингте осы мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдары жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен қаржыландырылады. Сондықтан сыйақы төлеу туралы шешім әр ұйымның қолындағы қаражатқа қарай қабылданады.

- Сыйақы төлеу мәселесі тиісті білім беру ұйымының қаржылық мүмкіндігіне байланысты шешіледі, – деді вице-министр.

Яғни мұғалімдер арасында «жаңа оқу жылында барлығына бірдей сыйақы беріледі» деген түсінік болмауы керек. Мұндай міндетті әрі бірыңғай төлем қарастырылмаған.

Қолданыстағы №1193 қаулыға сәйкес, сыйақы, материалдық көмек және белгілі бір үстемақылар тиісті шығыс түрлері бойынша үнемделген қаражат есебінен берілуі мүмкін.

Бұл жерде негізгі мәселе – қаражаттың болуы.

Егер жергілікті атқарушы органның немесе білім беру ұйымының бюджетінде осындай мақсатқа жұмсауға болатын үнем қалыптасса, сыйақы төленуі мүмкін. Ал қаражат болмаған жағдайда педагогтерге дәл сондай төлем жасау міндетті емес.

- Сол себепті барлығында міндетті түрде бірдей төлем болып есептелмейді, – деп түсіндірді Шынар Ақпарова.

Демек, бір мектепте мұғалімдер сыйақы алуы мүмкін, ал басқа мектепте мұндай төлем қарастырылмауы ықтимал. Бұл жағдай ең алдымен сол ұйымның қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады.

Сонымен қатар жаңа оқу жылында мұғалімдердің жұмысына әсер ететін тағы бір өзгеріс бар. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушыларының білімін бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі.

Формативтік және аралық бағалау сақталады. Бұған қоса педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, бағалау кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру көзделген.

Осылайша жаңа оқу жылында мұғалімдер үшін өзгеріс тек оқу процесімен шектелмейді. Ал сыйақы мәселесінде шешуші фактор – республикалық деңгейдегі ортақ төлем емес, жергілікті жерде қалыптасатын қаржылық мүмкіндік болып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл