Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Перуде 9 млн жыл бұрын тіршілік еткен акуланың сүйектері табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.
Перуде палеонтологтар дүйсенбі күні шамамен 9 миллион жыл бұрын Оңтүстік Тынық мұхитының суында өмір сүрген үлкен ақ акуланың «тегі» саналатын жәндіктің сүйектерін ұсынды.
Cosmopolitodus hastalis түрінің толықтай дерлік сақталған тасқа айналған қалдығы Лимадан оңтүстікке қарай 235 км қашықтықта орналасқан, ежелгі теңіз тіршілік иелері жиі кездесетін Писко бассейнінде табылды. Бұл акула қазіргі ақ акуланың ата-бабасы деп есептеледі.
Қазіргі уақытта бұл түр жойылғанымен, оның тістерінің ұзындығы бір кездері 8,9 см-ге дейін жеткен, ал ересек үлгілерінің ұзындығы 7 метрге дейін болған.
- Толық сақталған акула қалдықтары әлемде өте сирек кездеседі, - деп атап өтті палеонтолог Марио Урбина.
Сонымен қатар ол акуланың асқазанында майшабақ тұқымдас балықтардың қалғандарын тапқанын хабарлады.
Урбинаның айтуынша, ашық теңіздер мен мұхиттарда жүзгенде майшабақ тұқымдас балықтар акулалардың негізгі азығы болып табылатын.