Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдың атауын Қызылжар деп өзгерту туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов есептік брифингіде мәлімдеді.
Халықтың пікірін білеміз деп айтқан едім. Қала әкімімен объектілерді аралап, халықпен жиі кездесіп тұрамыз. Қазір Петропавл қаласының атауын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ. Қала тұрғындары бұл мәселені көтермейді, себебі оларға абаттандыру, дамыту маңыздырақ. Мысалы облыс орталығында 400 шақырым жолдың 40 пайызында асфальт жабыны жоқ, мұны тұрғындардың өзі айтып жүр. Спорт алаңдарын жасау керек. Сондықтан, қала атауын өзгерту тақырыбы бүгінгі күні көтеріліп отырған жоқ, - деді Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.