Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2023 жылы пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Оны бұрынғыдай мешітке апарып емес, онлайн түрде де беруге болады, деп хабарлайды Dauletten.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Банк қосымшалары арқылы. Өзіңіз қолданатын банктің қосымшасына кіріп, «Төлемдер» бөлімінде іздеу деген жерге «садақа» деп жазғанда «Пітір садақа» шығады. Не болмаса сол бөлімдегі төлем түрлерінен «Қайырымдылық» дегенді таңдағанда «Мешіттер» не «Пітір садақа» деп шығады. Кей банк қосымшасында бірден барлық мешіттің аты тізілген. Мешітті таңдаған соң, садақа түрін де таңдау керек. Өйткені мұнда ерікті садақа, зекет, пітір және підия секілді бірнеше садақаны, онымен қоса ауызашар сомасын төлеуге болады.
Astana-plat қосымшасы арқылы.
Қазпошта қосымшасы Post.kz арқылы. Қосымшаға кіріп, «Төлемдер» бөліміне кіріп, Іздеу деген жерге «садақа» деп жазғанда «Пітір садақа» деп шығады.
Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы. Қосымшаға кіріп, «Менің төлемдерім» – «Қайырымдылық» – «Пітір садақа» командасын орындау керек.
Сондай-ақ, ораза ұстауға әл-қуаты жетпейтін адамдар мұқтаждарға підия берсе болады. Оның биылғы мөлшері – 3 мың теңге.
Айта кетсек, пітір садақаны ораза басталғаннан айт намазына дейін, яғни 21 сәуірге дейін берген жөн. Одан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.
Фото: Ашық дереккөзден