Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видеоға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жас сарбаздың таяқ жеген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, бұл 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге қайтар кезде болған.
- Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды. Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің жеке бақылауында.