Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Премьер-министр теміржол саласын цифрландыру кезінде тұтас тәсілді жүзеге асыруды тапсырды
Үкімет

Премьер-министр теміржол саласын цифрландыру кезінде тұтас тәсілді жүзеге асыруды тапсырды

19.08.2025
мин
0
66
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды. 2024 жылы салада төрт мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді болды. Биыл жаңа қызмет – «Қауіпсіздік сертификатын беру» қосылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарына электронды форматқа көшіру, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, инновациялық экожүйе құру, пойыздарды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету, сондай-ақ транзиттік тасымалдауды онлайн қадағалау жүйесін енгізу кіреді.

2024 жылы салада төрт мемлекеттік қызметэлектронды түрде қолжетімді болды. Биыл жаңа қызмет – «Қауіпсіздік сертификатын беру» қосылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылды.

Премьер-министр автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлеу, ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен саланы цифрландыруға да баса назар аударды.

«Мемлекет басшысының қатысуымен жуырда Астанада сапалы талдау жасап, ауқымды деректерді генерациялай алатын суперкомпьютер кластері іске қосылды. Осы тұрғыда жасанды интеллект технологиялары мен перспективалы стартаптарды экономиканың барлық саласына, соның ішінде теміржолға да енгізу керек. Мысалы, жасанды интеллект апаттық жағдайлардың ықтимал қауіптерін және жолдар мен жылжымалы құрамның тозуын алдын ала есептеп, осындай мәселелерді шешудің түрлі нұсқаларын пысықтай алады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр теміржол саласын цифрландыру кезінде IT-инфрақұрылымды басқарудың және ақпараттық жүйелердің интеграциясын жүргізудің тұтас тәсілін жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл