Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Ақмола облысында егін жинау науқанының барысымен танысты
Жаңалықтар

Президент Ақмола облысында егін жинау науқанының барысымен танысты

16.09.2025
1 мин
0
78
Сурет: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында егін жинау жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткен.

Болжам бойынша агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді және 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинайды.

Қазіргі таңда 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен гектарынан 15,4 центнер өнім алынуда. Жиналған астықтың сапасы жоғары.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, майлы дақылдардың көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр. 2023 жылмен салыстырғанда олардың егістік алаңы 2,5 есе артып, 495 мың гектарға жеткен.

Осындай көпбейінді шаруашылықтардың бірі – "Зеренді сақтау өнімдері" ЖШС. Кәсіпорын дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен қатар, сиыр және жылқы тұқымдарын асылдандырумен айналысады. Бұдан бөлек, серіктестіктің қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын май зауыты, құс фабрикасы мен диірмені бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл