| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары деңгейдегі өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі геосаяси жағдай және жаһандық қауіп-қатерлер кеңінен талқыланды.
Мемлекет басшысы әлемде тұрақсыздық күшейіп отырған кезеңде климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның нашарлауы және су ресурстарының тапшылығы сияқты мәселелерге бірлесіп қарсы тұру аса маңызды екенін атап өтті.
– Қазақстанның тиімді әрі көпжақты дипломатияны қолдайтынын жақсы білесіздер. Қарабайыр күш халықаралық құқыққа үстемдік етіп отырған, геосаяси ахуал ушыға түскен құбылмалы кезеңде сіздермен жолығып отырмыз. Кеше осы күрделі мәселелер жөнінде егжей-тегжейлі баяндадым. Халықаралық қоғамдастық мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде бірлесе шешуі керек, – деді Мемлекет басшысы.