Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Жаңалықтар

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

09.10.2023
1 мин
0
597

Ержан Сәденов Мемлекет басшысына атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр төмендегі тақырыптарға тоқталды:

  • еліміз бойынша кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Көшелердегі қауіпсіздік деңгейінің артқаны атап өтілді;
  • құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» және жазаның бұлтартпастығы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнінде баяндады;
  • интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Атап айтқанда, жыл басынан бері ауыспалы нөмірлерден шалынған 37 миллион қоңырау бұғатталып, заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталды;
  • нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 31 тоннадан астам есірткі және 79 тонна прекурсор тәркіленіп, 39 есірткі зертханасынжойылған;
  • қылмыстық-атқару жүйесі мен Ұлттық ұлан қызметінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл