| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға әлеуметтік қолдауды күшейту мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Сондай-ақ дәрігерлерге қарсы жасалған құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату шаралары жалғасатынын жеткізді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы дәрігерлердің қауіпсіздігін қорғау – елдегі заң мен тәртіпті нығайтудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмау үшін тиісті заң қабылданып, қылмыстық жауапкершілік күшейтілген.
Президент бұл шешім қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға және медицина саласының мамандарын қорғауға бағытталғанын айтты.
Сонымен қатар, соңғы жылдары медицина қызметкерлеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау айтарлықтай артқан. Соңғы үш жылда бұл бағыттағы қаржыландыру көлемі бірнеше есе ұлғайған.
Медицина мамандарының жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді, ал биылдың өзінде бұл мақсатқа бюджеттен 33 миллиард теңге бөлінді.
Шалғай елді мекендерде жұмыс істейтін дәрігерлерге арнайы көтерме төлемдер қарастырылған. Өткен жылы ғана 530 медицина қызметкеріне жалпы 4,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген.
Мемлекет басшысы бұл шаралар денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын азайтуға және дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.