| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күніне арналған жиында Қазақстанның қорғаныс саласын жаңғырту қажеттігін атап өтіп, ауқымды реформа жүргізу міндетін қойды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Отан қорғаушы күніне орай өткен мемлекеттік марапаттау және әскери шен тапсыру рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін күшейту мәселесіне тоқталды.
Президенттің айтуынша, қазіргі геосаяси жағдай Қарулы күштерді жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Осыған байланысты әскери құрылымдарды заманға сай жаңғырту, әсіресе технологиялық тұрғыдан дамыту басты басымдықтардың бірі болуы тиіс.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты кейінге қалдырмай, нақты мерзім ішінде жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан Қарулы Күштері мен әскери мекемелерді түбегейлі реформалау – стратегиялық маңызы бар міндет.
Президент бұл реформалар елдің қорғаныс жүйесін нығайтып, әскери дайындық деңгейін жаңа сапаға шығаратынын жеткізді.