| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметін қорытындылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізіп, агенттік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл құрылымның бес жыл бұрын елде ауқымды реформалар басталған тарихи кезеңде құрылғанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, қысқа уақыт ішінде агенттік ауқымды жұмыс атқарып, маңызды тәжірибе жинақтаған. Бүгінде Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанның экономикалық және ұлттық қауіпсіздік жүйесінде айрықша рөл атқаратын дербес мемлекеттік органға айналған.
– Осындай қысқа мерзімде көп жұмыс істелді. Қаржылық мониторинг агенттігі табанды еңбек пен адал қызметтің арқасында өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен орындап келеді. Агенттік қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Алайда босаңсуға болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент алдағы міндеттерге де тоқталды. Оның айтуынша, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан қазіргі кезеңде сала жұмысына түбегейлі жаңа көзқарас қажет.
– Алдымызда биік мақсаттар мен ауқымды жұмыс тұр. Цифрлық технология мен жасанды интеллект дәуірінде жаңаша ойлау маңызды. Бұл туралы мен «Turkistan» газетіне берген сұхбатымда және Ұлттық құрылтай отырысында нақты айттым, – деді Мемлекет басшысы.