Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында маңызды мәселелерді талқылаймыз. Себебі әлемде ауқымды өзгерістер орын алып жатыр. Жаһандық үрдістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық жағдайына әсер ететіні анық. Жаңа технологиялар дәуірі, цифрландыру кезеңі басталды. Әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүруде. Біз бұл өзгерістерге дайын болуымыз қажет. Технологиялық өзгерістерге бейімделу – елдің бәсекеге қабілетін нығайтып, тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты фактор. Үкімет пен әкімдердің тиімділігі экономикалық даму көрсеткіштері мен халықтың тұрмыс сапасы арқылы бағаланады. Өткен жылғы жұмыстың нәтижесі қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарды қарастырып, алдағы уақытта шешуді қажет ететін өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деді Президент.