Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау төрінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының ресми атауын өзгерту туралы пікір білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Екінші республика» ұғымы қоланысқа енгелі елдің ресми атауын өзгерту туралы ұсыныстар жиі айтылып кеткенін атап өтті.
«Стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар», - деді Президент.
Мемлекет басшысы еліміз осыған дейін «Қазақстан Республикасы» атауымен өз тарихындағы маңызды келісімдерге қол қойғанын еске салды.
«Ең басты мәселе – біз тәуелсіз еліміз Қазақстан Раеспубликасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық. Мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл, ең алдымен ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Президент Ұлытау облысындағы жұмыс сапары аясында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысып жатыр.
Тағы көру