491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент республикалық референдумда дауыс берді
Жаңалықтар

Президент республикалық референдумда дауыс берді

15.03.2026
мин
0
91

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті.

– Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл