Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Жаңалықтар

Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

24.10.2023
1 мин
0
1944

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетовке, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы «№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі А.Шүкежановаға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қызылорда облысы «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры И.Шағыртаевқа берілді.

«Отан» орденімен суретші А.Ақанаев, белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Ж.Ерманов марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» ордені еңбек ардагерлері М.Айымбетова мен С.Тиесовке, Қонаев қаласы А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп мұғалімі Н.Лиге, телевизия ардагері Л.Сейітовке, ІІ дәрежелі «Барыс» ордені қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бектаевқа, «KAZGOR» жобалау академиясының бірінші вице-президенті Т.Ералиевке, еңбек ардагері О.Рахманбердиевке, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Абай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Айнабековке, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің кафедра меңгерушісі С.Аяғановқа, еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері И.Байрамуковке, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Б.Жәмішевке, қоғам қайраткері Ә.Жолшыбековке және еңбек ардагері С.Қырымқұловқа табысталды.

Сонымен қатар белгілі ғалымдарға, мәдениет және білім қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне «Парасат» ордені берілді:

Олардың қатарында Талдықорған қаласы «Қайнар-АКБ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Қ.Әжмағанбетов, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті Ғ.Әнес, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессоры Б.Жолдин, Нысана көздеуден ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы О.Довгун, Теміртау қаласының Көпбейінді ана мен бала орталығының директоры С.Лохвицкий, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі М.Ғабдісәлімова және Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театрының актері Ұ.Нүсіпәлі секілді азаматтар бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін «Ел бірлігі» ордені тағайындалды:

«Ел бірлігі» ордені алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры А.Башмаковқа, Республикалық дүнген этномәдени орталығы бақылау кеңесінің төрағасы Л.Буларовқа, Республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы А.Исмаиловқа, Қазақстан корейлері қауымдастығы қамқоршылық кеңесінің мүшесі Р.Кимге, «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық неміс газетінің бас редакторы О.Клименкоға, «Қазақстан шешендері мен ингуштарының «Вайнах» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің тең төрағасы А.Мұрадовқа, «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбек этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары Т.Нишанбаевқа табысталды.

Биылдан бастап құрметті марапаттар қатарына «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтары қосылды:

Т.Әбдікұлы, С.Елубаев, Б.Нұржекеев, С.Сматаев, А.Аширов және Л.Шашкова«Қазақстанның халық жазушысы» атағын иеленді. «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Д.Ахимовқа, М.Токаревпен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Әбілов пен Т.Күзенбаевқа, атақты әншілер Р.Стамғазиевке, Д.Құдайбергенге және күйші А.Үлкенбаеваға берілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл