Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Путин Қазақстанда қызмет ететін судьялардың жалақысын арттырды
Жаңалықтар

Путин Қазақстанда қызмет ететін судьялардың жалақысын арттырды

09.06.2025
1 мин
0
116
Сурет: elitexpert.ua

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан аумағындағы гарнизондық әскери соттарда жұмыс істейтін судьялардың еңбекақысын көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл өзгеріс Қазақстанда орналасқан екі гарнизондық әскери соттың судьяларына қатысты.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясынан тыс аймақтарда қызмет ететін әскери сот судьяларының жалақысын 50%-ға ұлғайтуды қарастыратын заңға қол қойды. Жаңа заң судьялардың мәртебесі мен әскери қызметшілерге тиесілі әлеуметтік кепілдіктер туралы ережелерге түзетулер енгізеді. Алайда бұл өзгерістер тәжірибесіне байланысты берілетін өтемақылар мен қосымша төлемдерге әсер етпейді.

Аталған заң жобасының әзірленуіне Ресей судьялар кеңесінің бастамасы себеп болды – олар шетелде қызмет ететін судьялардың жалақы теңсіздігі мәселесін көтерген. Құжат Мемлекеттік думада қабылданып, Федерация кеңесінің мақұлдауынан өткен.

Қазіргі таңда Ресейден тыс бес әскери сот жұмыс істейді: Армениядағы 5-гарнизондық, Қазақстандағы 26 және 40-гарнизондық, Молдовадағы 80-гарнизондық және Тәжікстандағы 109-гарнизондық әскери соттар.

Ресей саясаттанушылар қоғамының сараптама орталығының жетекшісі Андрей Серенконың пікірінше, Қазақстандағы жағдай басқа көрші елдермен салыстырғанда “тұрақтырақ”. Ол Қазақстандағы ресейлік әскери нысандарды “ең тыныш” деп сипаттап, бұл шешімнің арнайы Қазақстанға бағытталмағанын, керісінше, барлық шетелдегі әскери сот судьяларына қатысты қабылданған жалпы шара екенін айтты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл