Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресей президенті Владимир Путин ядролық қаруды тежеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздерін ресми түрде мақұлдады. Құжатқа қол қойылып, жарлық 19 қарашадан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ресейдің ядролық доктринасының басты басымдықтарының бірі – Ресейге немесе оның одақтастарына қарсы шабуыл жасау мүмкіндігі бар қарсыластарды тежеу. Құжатта Ресейге немесе оның одақтастарына қарсы әскери коалиция құрамындағы кез келген мемлекеттің агрессиясы бүкіл коалицияның әрекеті ретінде қарастырылатыны айтылған.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Ресей аумағына америкалық зымырандармен шабуыл жасауға рұқсат бергенін мәлімдеген. Дегенмен, АҚШ әкімшілігі мұндай шешім қабылдағанын ресми түрде хабарлаған жоқ. Алайда Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Украинаға ATACMS зымырандары арқылы Ресей аумағын атқылауға рұқсат беру туралы ақпаратқа түсініктеме берген болатын.