Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа туған күніне орай құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Тоқаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайту жолындағы еңбегі ерекше бағаланған.
- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесіңіз жоғары бағаланады. Бұл байланыстар еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін дами беретініне сенемін, – делінген Путиннің құттықтауында.
Сондай-ақ Ресей басшысы Тоқаевқа мықты денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметте табыс тіледі.