439.37
498.6
5.22
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пышақ жарақатынан қаза тапқан әйел: арызды қабылдамаған экс полицейлер ұсталды
Жаңалықтар

Пышақ жарақатынан қаза тапқан әйел: арызды қабылдамаған экс полицейлер ұсталды

29.09.2026
мин
0
114
Сурет: stan.kz

Елордада бұрынғы әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған оқиғадан кейін құқық қорғау саласында ірі ауыс-түйіс пен тергеу амалдары басталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қызметтік салғырттық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алмағаны үшін полицияның төрт бұрынғы қызметкері уақытша ұстау изоляторына жабылып, Астана қалалық ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылды.

29 қыркүйекке қараған түні құқық қорғау органдары Астанадағы Сарыарқа мен Нұра аудандық полиция басқармаларының бұрынғы тергеушісі мен учаскелік инспекторларын уақытша ұстау изоляторына оқшаулады.

Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық») бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде. Қамауға алынғанға дейін бір күн бұрын бұл қызметкерлер ішкі істер органдары қатарынан теріс себептермен шығарылған болатын. Бұдан бөлек, елордалық Полиция департаменті бастығының тергеу ісіне жауапты орынбасары да орнынан алынды.

Созылмалы қауіп пен полицияның әрекетсіздігі

Қанды оқиға 23 қыркүйекте кешкі уақытта орын алған. Марқұм Жазира Адауова (28 жаста) мен оның бұрынғы күйеуі Т. Қамиден (33 жаста) тұрғын үй маңындағы автотұрақта, Haval M6 автокөлігінің ішінде сөзге келіп қалған. Мо жанжал барысында ер адам бұрынғы жубайына 13 рет пышақ соққысын дарытып, келіншек алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті бірден ұсталды.

Анықталғандай, шабуылдаушының өзі де бұрын құқық қорғау жүйесінде еңбек еткен. Ол 2014 жылдан 2026 жылдың шілдесіне дейін полицияда қызмет атқарып, өз ырқымен жұмыстан кеткен. Ал ерлі-зайыптылар осы жылдың 14 қыркүйегінде ғана заңды түрде ажырасқан.

Істі тексеру барысында марқұмның өміріне қауіп төнгені туралы полицияға бірнеше рет дабыл түскені, бірақ тиісті шаралардың алынбағаны ашылды:

 2025 жылғы 5 маусым: Келіншектің арызынан соң бұрынғы күйеуіне алғаш рет қорғау нұсқамасы беріліп, оған әйелге жақындауға тыйым салынған.

 2026 жылғы 18 тамыз: Ер адамның үстінен денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, екінші мәрте қорғау нұсқамасы шығарылған.

 21 тамыз: Прокуратура талабымен ер адамға қатысты зорлау бабы бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды.

 7 және 9 қыркүйек: Күдікті экс-әйелінің үйіне барып, оны суық қарумен қорқытқан.

 22–23 қыркүйек: Полиция өкілдері «зорлау» бабы бойынша козғалған істі тоқтатқан. Ал прокуратура тарапы дене жарақатын «жеңіл зиян» емес, «қинау» деп қайта саралауды талап еткеніне қарамастан, күдіктіні қамауға алу шарасы қолданылмаған.

Осы әрекетсіздіктің салдарынан, 23 қыркүйек күні ер адам келіншекті аңдып барып, оны айуандықпен өлтірген.

Қазіргі уақытта ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті марқұмның өтініштері бойынша процессуалдық шешімдер қабылдаған барлық жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беруде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл