Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты

28.01.2022
1 мин
9
2110

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін үш әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылды. Бұл шара 347,7 мың адамға әсер етті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (75 130 алушы) және асыраушысынан айырылған жағдайда (52 096 алушы) МӘСҚ-тан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% - ға арттырылды.

Бұл төлемдер ұзақ мерзімді болып табылады, өйткені олар бірнеше жыл бойы төленуі мүмкін: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірмейінше не зейнеткерлік жасқа жеткенше; асыраушысынан айырылған жағдайда – балаларға кәмелетке толғанға дейін және күндізгі оқу нысанының студенттеріне 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Айта кету керек, жоғарыда аталған төлемдерді алушылар бюджет қаражаты есебінен осындай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды да алады.

Сондай-ақ, осы жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюына орай бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері арттырылды. Бұл шара 220 462 алушыға әсер етті.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа табыстың 40% - ын құрайды. Бұл ретте бұл әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес туылған баланың кезектілігіне қарай белгіленген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру МӘСҚ активтері есебінен жүзеге асырылды. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын алуда жұмыс істейтін халықтың мүдделері қорғалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
9 Пікір
А
Алида 29.01.2022
Менде жалгыз басты анамын 2 балам бар. Атаулы але
Жауап беру
А
Алида 29.01.2022
Менде жалгыз басты анамын 2 балам бар. Атаулы але
Жауап беру
А
Алида 29.01.2022
Менде жалгыз басты анамын 2 балам бар. Атаулы але
Жауап беру
А
Алида 29.01.2022
Менде жалгыз басты анамын 2 балам бар. Атаулы але
Жауап беру
Д
Даулет 28.01.2022
Жетім балаға 2000 қосыпты ұятай оған нетүсед масқара әй біздің билік қойшосыларды масқара соныда
Жауап беру
Ж
Жансулу 28.01.2022
Салеметсиздерме мен жалғыз басты анамын 3 балам бар ешқандай көмек жоқ Жалғыз басты аналарға қандай көмек бере аласыздар 1 бала 2 баланыңда киімі житин тамақта керек қой тек қайыр сұрау қалды көшеге шығып басқа еш көмек жоқ
Жауап беру
К
Кундыз 28.01.2022
Иә, 1 жасқа дейінгі пособия көбейді. 1000теңгеге
Жауап беру
Г
Гаухар 28.01.2022
Саламатсыз ба? Жалгыз басты аналарга пособия толенема?
Жауап беру
Р
Раушан 28.01.2022
Саламатсыз ба мен асыраушысынан айырылған дегенге дегенге балама 32мың аламын 52,мың емес
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл