| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы үш жылда Қостанай облысында білім, медицина және спорт нысандары көбейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қостанай облысында үш жыл ішінде 6 мың орынға арналған 9 мектеп салынды. Қазіргі кезде 1,9 мың орынға арналған тағы 2 мектептің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, 3 жыл ішінде 2,2 мың орынға арналған 14 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 96,4% дейін артты, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 100% құрады. Бұл туралы облыс басшысы Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында хабарлады. Үш жыл ішінде облыста 35 денсаулық сақтау нысаны салынды. Сонымен қатар, 3 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.
- Өңірге медицина қызметкерлерін тарту жұмысы жалғасуда. Облыстың оңтүстік өңірлерінің дәрігерлері үшін көтерме жәрдемақы ұлғайтылды: аса тапшы мамандарға - 8,5 млн теңгеге дейін, қалада – 5 млн теңге, ауылда – 7 млн теңгеге дейін. 2023 жылдан бастап облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы 2 есеге төмендеді. Қабылданып жатқан шаралар денсаулықтың негізгі көрсеткіштеріне оң әсер етуде, - деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.