Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаңтар айында азаматтар 2400-ден астам алтын құйма сатып алды
Жаңалықтар

Қаңтар айында азаматтар 2400-ден астам алтын құйма сатып алды

22.02.2021
1 мин
0
830

Биыл қаңтарда ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау бөлімдерінен жиыны 111,5 кг болатын 2 414 құйма сатып алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ұлттық Банкке сілтеме жасап. 

Ұлттық Банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы салмағы 1,68 тонна 44 993 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 г. құйма.

Жалпы сатылымдағы оның үлесі 26% – 11 654 дана. Одан кейін 100 г. құйма – 10 572 дана (23%) және 20 грамм – 10 123 дана (22%), 5 грамм – 7 177 дана (16%), 50 грамм – 5 467 дана (12%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jýsan Bank-те, Банк ЦентрКредитте, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл