Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркегенін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды. Осылайша, олар 33 жүк көлікті заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген.
Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам төлемдер түспеген.
Күдіктілер - мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Ақмола, Қостанай, Алматы, Павлодар облыстарында алымдарды төлемей жалған төлем құжаттары бойынша көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеу фактілері анықталды.
Сонымен қатар агенттік еліміздің барлық Арнайы ХҚКО-сында алымдарды дұрыс төлеу мақсатында тартқыштарды, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қою заңдылығына кең ауқымды тексерулер жүргізді.