| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Takopp деп аталатын қаржы пирамидасына қатысты істі тергеп, оны сотқа жіберді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер азаматтардың қаражатын инвестиция түрінде тартуды ұсынған. Олар салымшыларға 30 мыңнан 50 мың АҚШ долларына дейін қаражат салу арқылы жоғары табысқа қол жеткізесіздер деп уәде еткен.
Жобаға сенім ұялату мақсатында ұйымдастырушылар қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, балалар үйлеріне материалдық көмек көрсеткен.
Белгілі болғандай, жобаға 117 адам қатысып, жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам қаржы салған.
Сот 32 мың АҚШ долларына тең цифрлық активтерді бұғаттап, күдіктілерге қозғалысына шектеу қою туралы шара қабылдады.
Қаржылық мониторинг агенттігі ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, істің өзге деректерін жариялауға болмайтынын хабарлады.