Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде жұмысшы қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды.
Әлеуметтік желіде құрылыс нысанында жұмысшының қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Публикация авторының айтуынша, қаза тапқан ер адам лифтер болып жұмыс істеген және, болжам бойынша, лифт құлауы салдарынан қайтыс болған. Сондай-ақ тағы бір зардап шеккен адамның болғаны хабарланды.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі тергеудің басталғанын мәлімдеді.
- Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі оқиға бойынша абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Құрылыс нысанындағы төтенше оқиға нәтижесінде тағы бір ер адам зардап шекті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі екінші жұмысшының жағдайын түсіндірді. Ол Макажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.
Қарағанды облысы ГАСК басқармасы құрылыс компаниясының қажетті рұқсат құжаттарының бар екенін атап өтті.