456.88
534.64
5.47
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағандыда TikTok стримері 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Жаңалықтар

Қарағандыда TikTok стримері 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

21.08.2026
мин
0
68

Қарағандыда полиция TikTok-тағы заңға қайшы әрекетке тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде 56 жастағы стримердің қоғамда теріс пікір қалыптастыратын және заң талаптарына қайшы әрекеттерін анықтады.

Қарағанды қаласының тұрғыны Еркен Жантыкпаев TikTok әлеуметтік желісіндегі белсенділігімен танымал. Ол әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы бейнематериалдар жариялаған. Аталған дерек бойынша полиция тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Сот қаулысымен азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды. Полиция қызметкерлері азаматтың әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін атап өтті. Мұндай әрекеттерге құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады.

Қазіргі уақытта Еркен Жантыкпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Сонымен қатар полиция тарапынан оған қатысты бақылау жалғасуда. Ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке қайшы және құқыққа сыйымсыз контент таратпауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл