Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
31 шілдеде Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың алтауы әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
«Бүгін тағы үш баланы үйге шығару жоспарлануда. 7 тамыздағы жағдай бойынша жансақтау бөлімінде алты бала жатыр. Жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты. Барлығы тоғыз науқас жатыр, екеуі балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығында», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, 31 шілдеде Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 13 баланың уланғаны хабарланған болатын. Балалардың біреуі қайтыс болды.