491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағандыда зейнеткерлерді алдап, миллиондаған қаржыны иемденген топ ұсталды
Жаңалықтар

Қарағандыда зейнеткерлерді алдап, миллиондаған қаржыны иемденген топ ұсталды

13.03.2026
мин
0
109

Қарағанды облысында қарт кісілерді алдаумен айналысқан топ әшкере болды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері Теміртау қаласынан шыққан, негізгі нысанасы Қарағанды қаласының егде жастағы әйелдері болған алаяқтар тобының қызметін тоқтатты.

Қылмыскерлер сенгіш зейнеткерлерді түрлі айла-тәсілдер арқылы алдап, олардың жинаған қаражатын иемденіп отырған. Қазіргі уақытта тергеу олардың кемінде 9 қылмыстық эпизодқа қатысы бар екенін анықтады. Зардап шеккендердің жасы 75-тен асқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі 320 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін жетеді.

Жәбірленушілердің бірі — Қарағанды қаласының 80 жастағы тұрғыны Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Оның айтуынша, қалалық телефон арқылы қоңырау шалған белгісіз адам өзін ұлы ретінде таныстырып, сәлемдеме келгенін хабарлаған. Ол жеткізу ақысын шұғыл төлеуді талап етіп, төлем жасалмаған жағдайда сәлемдемені сақтау үшін қомақты қаражат төлеуге тура келетінін айтқан.

Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үйіне жас жігіт келіп, әйел оған 320 мың теңге берген. Курьер кеткеннен кейін ғана зейнеткер телефонмен ұлымен байланысып, алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Осыдан кейін ол полицияға хабарласып, күдіктінің нақты сипаттамасын ұсынған.

Бірнеше сағаттың ішінде жедел қызметкерлер жоғары жұмыс тиімділігін танытып, күдіктіні және осы қылмысқа қатысы бар топтың басқа мүшелерін ұстады. Тануға ұсыну барысында 80 жастағы жәбірленуші 32 жастағы күдіктіні басқа адамдардың арасынан танып көрсетті. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны тану үшін Қарағанды қаласының тағы бір 90 жастағы тұрғынына да көрсеткен. Оның дауысын естіген әйел өзін алдаған "курьерді" бірден танып, шамамен 2 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың жымқырылғанын растады.

Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталғандардың бұған дейін жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл