Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның борышы қалыпты деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бюджет тапшылығы 1,3 триллион теңге, яғни ЖІӨ-ге шаққанда 1,9 пайызды құрады. Қазақстанның борыштары қауіпсіз деңгейде сақталып отыр", – деді мәжіліс отырысында 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасаған Жамаубаев.
Министрдің айтуынша, шығыс 99,9 пайызға игеріліп, 12 триллион теңгеге жеткен.
Әлеуметтік шығыстар 2018 жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсіп, 5,2 триллион теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет көлемінің 43 пайызы.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер 100,4 пайызға атқарылып, 10,16 триллион теңгені құрады.
Ерұлан Жамаубаевтың мәліметіне сәйкес, сәуір айының басында мемлекеттік қарыз 17,7 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 25,5%-ды құрады.