447.85
513.46
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қасақана ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл еселенеді
Жаңалықтар

Қасақана ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл еселенеді

22.09.2026
мин
0
112
Сурет: kaz.inform.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов жол ережесін қасақана бұзатын жүргізушілерге қатысты жазаны күшейтуді ұсынды. Ол мұндай азаматтарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдік бермеуді және қайталанған бұзушылықтарға қарай айыппұл көлемін еселеп арттыруды тапсырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда жол ережесін бірнеше рет бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершілік күшеюі мүмкін. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жол қауіпсіздігіне қатысты бірқатар жаңа шараны атады.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны төмендеген. Алайда жол апаттарының жалпы деңгейі әлі де алаңдатарлық.

Бектенов қоғамдық көлік жолағымен жүретін, қос тұтас сызықты кесіп өтетін, қарсы бағытқа шығатын және белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілер бар екенін атап өтті.

- Мұндай фактілерге міндетті түрде тосқауыл қойып, тиісті шаралар қабылдау қажет. Жалпы, жол ережелерін қасақана бұзушыларға қатысты тәсілдерді қайта қарау керек. Мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдіктер берілмеуге тиіс. Керісінше, бұзушылықтар санына қарай айыппұл мөлшерін еселеп арттыру қажет, – деді ол.

Балдық жүйе енгізілуі мүмкін

Премьер-министр Ішкі істер министрлігіне жол ережесін бұзған жүргізушілерге балл есептеу жүйесін енгізу тәжірибесін зерттеуді тапсырды.

- Ішкі істер министрлігі көптеген елдерде тиімді қолданылып жүрген балдық жүйені енгізу тәжірибесін зерделеп, оны елімізде іске қосуға тиіс. Біздің ортақ міндетіміз – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік апаттарын тұрақты түрде төмендету және адам өлімін азайту, – деді Бектенов.

Қазір еліміздегі жол қауіпсіздігін 30 мыңнан астам камера бақылап отыр. Үкімет басшысы автоматтандырылған жүйелердің мүмкіндігін кеңейту қажеттігін де айтты.

Атап айтқанда, негізгі автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау желісін және жүргізушілерге визуалды бағдар беретін лазерлік жүйелерді орнату ауқымын кеңейту ұсынылды.

Сонымен қатар жолдағы қауіпсіздік тек жүргізушінің тәртібіне байланысты емес екені айтылды. Бектенов елді мекендерден тыс трассалардың жағдайына, жарықтандыруға, навигацияға және жолдардың сапасына қатысты мәселелерді де көтерді.

Премьер-министрдің сөзінше, ауыр жол апаттарының басым бөлігі елді мекендерден тыс жерлерде болады. Осыған байланысты Көлік министрлігіне жол инфрақұрылымын жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырылды.

Телефон қолданған жүргізушілер де бақылауда болады

Үкімет отырысында көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланатын азаматтарға қатысты бақылауды күшейту мәселесі де қозғалды.

- Жолдардағы автоматтандырылған жүйелер көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану фактілерін барынша анықтауға бағытталуға тиіс. Жалпы, Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, орнатылған барлық камералардың жұмысын тексеріп шыққаны жөн, – деді Премьер-министр.

Бұдан бөлек, белгіленбеген жерден жол кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылды. Әсіресе мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының маңындағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылмақ.

Жол қауіпсіздігі бойынша тағы бір бағыт – жүргізушілерді даярлау сапасы. Бектенов талапқа сай жұмыс істемейтін автомектептерді жалпы тізілімнен шығару қажеттігін айтты.

- Бұзушылықтар анықталған жағдайда міндетін адал атқармаған автомектептерді жалпы тізілімнен шығару қажет, – деді Үкімет басшысы.

Такси саласына да жаңа талаптар қойылуы мүмкін. Жол ережесін жиі бұзатын немесе жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың такси қызметінде жұмыс істеуіне жол бермеу ұсынылды.

Жалпы, Үкімет жол қауіпсіздігін күшейту үшін алты бағыт бойынша қосымша шара қабылдауды тапсырды. Олардың қатарында жол инфрақұрылымын жақсарту, бақылау жүйелерін кеңейту, автомектептердің жұмысын қадағалау, жолаушылар тасымалын реттеу және жол апаты көп болатын учаскелерге тұрақты талдау жүргізу бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл