| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек нарығындағы шілде айының қорытындысы жоғары жалақы ұсынылатын және ең жоғары еңбекақы күтетін мамандықтарды көрсетті. Ресми мәліметке сәйкес, ақпараттық технологиялар, авиация және басқару салалары дәстүрлі түрде жоғары табыс ұсынатын бағыттардың қатарында, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшісі қызметіне ұсынып отыр. Бұл мамандық бойынша орташа ұсынылатын жалақы 1,12 миллион теңгеге жуық. Одан кейін ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор (910 мың теңге) және маркетинг пен өнім өткізу бөлімі бастығының орынбасары (900 мың теңге) орналасқан.
Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күтетіндердің көшін ұшқыштар бастап тұр. Олар орта есеппен 2,39 миллион теңге көлемінде еңбекақы күтетінін көрсеткен. Сонымен қатар стюардессалар 1,43 миллион теңге, ал электр станцияларының басшылары шамамен 1,32 миллион теңге көлемінде жалақы күтетінін мәлімдеген.
Сарапшылардың бағалауынша, шілде айындағы көрсеткіштер еңбек нарығында жұмыс іздеушілердің белсенділігі артқанын аңғартады. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандарға деген сұраныстың сақталып отырғанын және жалақы деңгейіне қатысты талаптардың да өсіп келе жатқанын көрсетеді.