Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайырымдылық кеште Димаш Құдайбергеннің костюмі аукционға қойылды
Жаңалықтар

Қайырымдылық кеште Димаш Құдайбергеннің костюмі аукционға қойылды

08.04.2024
мин
0
1107

Алматы қаласында «DAULETTEN қайырымдылық қоры» ұйымдастырған қайырымдылық кеште Димаш Құдайбергеннің костюмі аукционда 2 000 000 теңгеге сатылды, - деп хабарлайды «Dauletten» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі.

Аталмыш костюмді танымал әнші Алла Пугачеваның Мәскеуде өткен мерейтойына орай ұйымдастырылған «Подарок для Анны» атты шығармашылық кешінде киген. Онда Димаш Игорь Крутойдың «Любовь, похожая на сон» әнін орындады. Костюм дизайнері – Atelier Leka.

Қайырымдылық қоры тарапынан ұйымдастырылған аукционда алғашқы лоттың бағасы 500 000 теңгеден басталды. Аукцион соңында костюм 2 000 000 теңгеге сатылды. Бұл лотты қазақстандық кәсіпкер, қаржылық сауаттылық бойынша ментор Еркебұлан Әріпбай сатып алды.

«Мен бұл костюмді ініме сыйлаймын. Ол 11-сыныпты аяқтайын деп жатыр. Өзі де Димаш Құдайбергенге ұқсайды. Туыстарымыздың бәрі оны Димашқа ұқсатады», - деді ол.

Бұл жиында 2 000 000 теңгеге бағаланған ең үлкен лот болды. Сондай-ақ, қайырымдылық кешінде «GGG футболка» 1 000 000 теңгеге, қазақстандық мини-футболист, Қайрат және Қазақстанның құрамасының шабуылшысы Серік Жаманқұлов киген футболка 300 000 теңгеге, «Ордабасы» футбол клубының және Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің футболкасы 300 000 теңгеге сатылды. Аукционда Мұстафа Өзтүріктің қолы қойылған кітап та болды.

Айта кету керек, «Dauletten қоры» тарапынан ұйымдастырылған кеште 7 000 000 теңге жиналды. Аукционнан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ. Елімізде болып жатқан су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл