441.89
502.56
5.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге беріліп, банк қарыздары кешіріледі
Жаңалықтар

Қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге беріліп, банк қарыздары кешіріледі

25.09.2026
мин
0
86

Құлыбаев қоры Каспий жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әрбiр сарбаздың шаңырағына 25 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек бөледі. Сонымен қатар Halyk Bank мерзімді әскери қызметте болған марқұмдардың банктегі барлық несиесін толықтай кешіретінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Halyk Bank пен Құлыбаев қоры қаза тапқан сарбаздардың жақындарына қолдау көрсетеді.

Ұйым өкілдері марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты:

- Жақын адамынан айырылу – орны толмас ауыр қайғы. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, туған-туыстарына және әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамыз. Осындай қиын сәтте біз олардың жанынан табылып, барынша қолдау білдіруді азаматтық парызымыз деп санаймыз, – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, қайғылы оқиға қыркүйектің 24-інде өтті. Қаза тапқан сарбаздарды еске алу мақсатында 25 қыркүйек Қазақстан аумағында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл