| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан Ұлттық банкі 49 тонна алтын сатып алып, Польшадан кейінгі екінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Dauletten kz Дүниежүзілік алтын кеңесі не сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш еліміздің алтын қорын белсенді түрде арттырып жатқанын және орталық банктер арасында алтынға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін дәлелдейді.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, қараша айында Қазақстан 8 тонна алтын сатып алып, сол айда әлемдік деңгейде төртінші орынға көтерілді. Сол уақытта ең ірі сатып алушылар қатарында Польша мен Бразилия болды: олар тиісінше 12 және 11 тонна алтынға ие болды. Өзбекстан (10 тонна), Қырғызстан (2 тонна) және Чехия (2 тонна) да алтын қорын арттырған елдер қатарында. Қытай мен Индонезия бір-бір тоннадан алтын сатып алған.
2025 жылдың қаңтар-қараша айларында әлемдегі орталық банктер жалпы 297 тонна алтын сатып алды. Бұл алтынның стратегиялық резерв ретінде маңызын жоғалтпағанын көрсетеді. Алтын бағасы жыл соңында 4,5 мың доллардан асты. Бағаның өсуіне әлемдік геосаяси жағдай, соның ішінде АҚШ пен Венесуэла арасындағы дағдарыс әсер етті. Инвесторлар өз активтерін сақтап қалу үшін қайтадан алтынға жүгінді.
Қазақстанның алтын сатып алу көрсеткіші оның халықаралық қаржы нарығындағы сенімділігін арттырып, стратегиялық қорын нығайтуға мүмкіндік береді.