| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің әуежайларында жолаушыларды тексеру процесін жеделдету үшін биометриялық сәйкестендіру жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев әуежайларда цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Жоба аясында Q-Gate жүйесі кеңінен қолданылып, жолаушыларды тексеру уақыты қысқартылмақ. Қазіргі бірнеше минутқа созылатын бақылау процесі шамамен 50 секундқа дейін азаюы жоспарланып отыр.
Министрдің айтуынша, биыл Астана мен Алматы әуежайларындағы 16 терминалға жаңа жүйе енгізіледі. Сондай-ақ Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларындағы тағы 16 терминал да қамтылады.
Бұдан бөлек, келесі кезеңде Астана–Шымкент бағыты бойынша ішкі рейстерде биометриялық тексеру жүйесін пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр.