Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желілерде көбейіп кеткен арандатушы жазбалар мен жарнамаларға байланысты платформаларды бұғаттау мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкіметтегі брифинг барысында журналистер министрден ТМД елдері мен Қазақстан азаматтарын Украинадағы соғысқа жалдамалы ретінде тартуға бағытталған әлеуметтік желілердегі жарнамаларға неге шара қолданылмай жатқанын сұрады.
Министрдің айтуынша, ведомство мұндай контентті анықтау бағытында кең көлемде жұмыс жүргізуде.
- Біз ешқандай әрекет етпей отыр деп айту дұрыс емес. Себебі сіздер білесіздер, фейк ақпарат пен заңсыз контенттің көлемі өте үлкен. Мұндай материалдарды анықтап, сараптамаға жібереміз, әрі қарай олар әлеуметтік желі әкімшілігі арқылы дереу өшіріледі. Алайда мұндай фейк ақпараттар әдейі таратылып отырады, сондықтан бұл бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз, – деді министр.
Сонымен қатар Балаева әлеуметтік желілерді бұғаттау тақырыбына да тоқталды.
- Желіге шектеу қою туралы жиі сөз болады. Бірақ бұл тек платформа әкімшілігіне немесе мемлекеттік органдарға байланысты мәселе емес. Ең алдымен бұл – желі қолданушыларының жауапкершілігі. Олар қоғамдағы тұрақтылық пен ақпарат қауіпсіздігін сақтау үшін жауапты. Егер заң бұзушылық анықталса, кінәлілер міндетті түрде заң аясында жазаланады, – деді Аида Балаева.