| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу мақсатында халықаралық қаржы ұйымдары мен сыртқы нарықтан бірнеше миллиард доллар көлемінде қарыз тартуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет бюджеттегі қаржылық тапшылықты өтеу үшін халықаралық қаржы институттары мен капитал нарықтарынан ірі көлемде қаражат тарту мәселесін қарастыруда.
Жоспарға сәйкес, Халықаралық қайта құру және даму банкiнен 92,3 миллиард иен (шамамен 280 млрд теңгеден астам) көлемінде несие алу көзделген. Қарызды өтеу мерзімі 11 жыл болып белгіленіп, алғашқы бес жыл жеңілдік кезеңі ретінде қарастырылған.
Сонымен қатар, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жылдық 1,2% мөлшерлемемен 400 миллион доллар көлемінде несие тарту жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, ел үкіметі халықаралық нарықта 1,5 миллиард долларға дейін еурооблигациялар шығару арқылы қосымша қаржы тартуды қарастырып жатыр.
Тиісті келісімдер қазіргі уақытта Мәжілісте талқылануда.