471.04
538.54
6.17
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан газ өндірісін арттыруға кірісті: ірі жобалардың мерзімі белгілі болды
Жаңалықтар

Қазақстан газ өндірісін арттыруға кірісті: ірі жобалардың мерзімі белгілі болды

07.07.2026
мин
0
78
Сурет: BAQ.kz

Қазақстан алдағы жылдары газ саласындағы ең ірі жобалардың бірін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2030 жылға дейін елде бірнеше жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылып, ішкі нарыққа жеткізілетін тауарлық газ көлемі айтарлықтай артады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда газ өңдеу саласын дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асады. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі алдағы жылдары тұрақты өседі. Егер 2025 жылы бұл көрсеткіш 27,4 миллиард текше метр болса, 2032 жылға қарай 35,5 миллиард текше метрге дейін жетеді. Бұл шамамен 29,6 пайыздық өсімге тең.

- Ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі 2025 жылғы 27,4 миллиард текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 миллиард текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл өсім Қашаған мен Қарашығанақтағы қайта өңдеу қуаттарын іске қосу есебінен қамтамасыз етіледі. Соның арқасында газ тасымалдау инфрақұрылымы кеңейіп, өңірлерді тұрақты газбен жабдықтауға мүмкіндік туады, – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің сөзінше, 2027–2030 жылдары тауарлық газдың қосымша көлемі 1,6 миллиард текше метрге жетеді. Ал 2031 жылы бұл көрсеткіш 2,3 миллиард текше метрді құраса, 2032 жылы қосымша өндірілетін газ көлемі 6,6 миллиард текше метрге дейін ұлғаяды.

Энергетика министрлігі үшін негізгі міндеттердің бірі – жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау. Бұл ретте магистральдық газ құбырларын кеңейту мен жаңа газ өңдеу кәсіпорындарын іске қосуға басымдық беріліп отыр.

Жоспарға сәйкес, осы жылдың соңына дейін “Бейнеу – Бозой – Шымкент” магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі пайдалануға беріледі. Ал жобаның екінші кезеңін 2029 жылы аяқтау көзделген. Соның нәтижесінде газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 миллиард текше метрге дейін ұлғаяды.

Бұдан бөлек, 2027 жылы Қашаған кен орнында жылына 1 миллиард текше метр газ өңдейтін жаңа зауыт пен Жаңаөзенде қуаттылығы 0,9 миллиард текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

- 2030 жылға қарай Қашағанда жылына 2,5 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт, сондай-ақ Қарашығанақта қуаттылығы жылына 5 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл жобалар газды қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және өңірлерді тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді министр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл