Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның колледждеріне түсу емтихандары педагогикалық, медициналық және шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты.
Құжаттарды қабылдау 20 маусымда электронды үкімет порталы арқылы және тікелей колледжде басталады. Әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда таңдауды өзгерту мүмкіндігі үш рет жүзеге асырылуы мүмкін.Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова
Оның айтуынша, қабылдау емтихандары педагогикалық, медициналық және шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша өтеді. Барлық қалған мамандық бойынша емтихандар жойылды.
Директор жұмысшы мамандықтарына түсушілер әңгімелесуден өтетінін, орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына түсетіндер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға конкурсқа қатысатынын айтты.
Қабылдаудың жаңалығы – педагогикалық мамандықтарға 4 балға дейін қабылдау және эссе жазу үшін шекті балл енгізу. Мұндай шаралар педагогикалық мамандықтарға – бір орынға 7 адамға дейін жоғары бәсекеге байланысты қабылданды.Насымжан Оспанова
Ведомство басшысы бұған дейін министрлік түрлі біліктілік бойынша оқыту мерзімін – екі жылдан төрт жылға дейін белгілегенін, бүгінде бұл норма «Білім туралы» заңнан алынып тасталғанын еске салды.
Енді бұл нақты білім беру бағдарламалары мен қажетті оқу нәтижелеріне байланысты болады. Бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімін дербес анықтайды, яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сай болмақ.Насымжан Оспанова