460.8
541.21
6.13
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Nura Elite» дауы: елордада ірі құрылыс алаяқтығы әшкереленді
Жаңалықтар

«Nura Elite» дауы: елордада ірі құрылыс алаяқтығы әшкереленді

28.04.2026
мин
0
86

Астана қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша тергеу жүргізілуде. Қаржы мониторингі агенттігінің елорда бойынша департаменті бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншалиге қатысты істі қарастыруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2021–2024 жылдар аралығында күдікті «Nura Elite» коттедж қалашығын салу жобасын ұсынып, азаматтардан қаражат тартқан. Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу жоспарланған. Алайда қазіргі таңда таунхаустар толық аяқталмаған, тек қаңқалары тұр, ал 2023 жылдың төртінші тоқсанына дейін құрылысты аяқтау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған.

Сатып алушылармен алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалғанымен, нәтижесінде 56 адам жәбірленуші ретінде танылған. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құраған.

Тергеу барысында 322 млн теңге күдіктінің, оның жұбайы мен анасының есепшоттарына аударылғаны, сондай-ақ 145 млн теңгенің қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған. Сонымен қатар бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактілері тіркелген. Мысалы, жәбірленушілердің бірі толық төлеген коттедж күдікті тарапынан кепілге қойылып, кейін үшінші тұлғаларға рәсімделіп, бірнеше рет қайта сатылған.

Анықталғандай, Мөлдір Суюншали сатып алушылармен жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін келісімшарттар жасаған, алайда ол жерлерді иеліктен шығаруға заңды құқығы болмаған.

Сондай-ақ үлескерлердің қаражатының бір бөлігі Астанадағы «Асылхан» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңын сатып алуға жұмсалған. Бірақ бұл жоба бойынша құрылыс жұмыстары мүлде басталмаған.

Қосымша деректерге сәйкес, күдікті қажетті рұқсат құжаттарынсыз Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер берілетіні туралы ақпарат таратқан. Алайда іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілмеген.

Сот санкциясымен Мөлдір Суюншалиге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін күдікті кінәсіз деп есептеледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл