460.8
541.21
6.13
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгін Қазақстанның бірқатар аймағында -3°C дейін үсік күтіледі
Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның бірқатар аймағында -3°C дейін үсік күтіледі

28.04.2026
мин
0
219
Сурет: BAQ.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, түнгі уақытта -3°C дейін үсік жүруі мүмкін. Кей аймақтарда жаңбыр жауып, жел күшейеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Бүгін республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жауын-шашын күтіледі. Шығыс өңірлерде бұршақ түсіп, дауыл болуы ықтимал. Ал орталық пен батыстың кей бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

Синоптиктердің болжамынша, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы -3°C дейін төмендеп, үсік жүреді.

Республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +18…+20°C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с.

Алматыда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C. Жел 3–8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі температура +10…+12°C, күндіз +26…+28°C дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл