471.77
547.25
6.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Кения: жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Кения: жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды

20.05.2026
мин
0
94
Сурет: Ақорда

Астанада Қазақстан мен Кения арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Кения Президенті Уильям Руто Астанада ресми іс-шараларға қатысты. Сапар барысында оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, екі ел делегация мүшелерін таныстырды.

Ресми рәсімнен кейін мемлекет басшылары шағын форматта келіссөздер өткізді. Тараптар екіжақты байланыстарды дамыту, сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту және инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Кения жағы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі маңызды логистикалық және экономикалық орталық ретінде атап өтті. Ал Қазақстан тарапы Африка құрлығындағы серіктестік әлеуеті жоғары мемлекеттермен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін білдірді.

Сапар қорытындысында екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою жоспарланғаны айтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл