Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті үш айға жеке тұлғалар үшін жабылады
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті үш айға жеке тұлғалар үшін жабылады

30.01.2025
1 мин
0
620

Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы “Тәжен” өткізу пункті үш айға жеке тұлғалар үшін жабылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шектеу жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне қатысты болады. Жүк көліктері “Қонысбаева” бекеті арқылы өткізіледі, ал жеңіл автокөліктер мен автобустар “Капланбек”, “Сырдария” және “Целинный” бекеттері арқылы өте алады. Сондай-ақ, азаматтар “Бейнеу” теміржол өткізу пункті арқылы пойызбен сапар шеге алады.

“Тәжен” өткізу пункті қайта құру жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі. Ауқымды жоба аясында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы тағы сегіз өткізу пункті жаңғыртылады.

- Нәтижесінде өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарып, жеке тұлғалардың шекарадан жайлы өтуіне және тауарлар мен көлік құралдарын мемлекеттік бақылаудан сапалы өткізуге барлық жағдай жасалады, – делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл