| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
26 қазанда «Алматы – Мәскеу» бағытындағы пойыз алғаш рет жолға шықты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
26 қазан күні «Алматы – Мәскеу» бағыты бойынша алғашқы пойыз сапарға аттанды. Бастапқы рейске шамамен 40 жолаушы мінді.
Жолға шыққан пойыз құрамында Қазақстанда жасалған жаңа үлгідегі вагондар бар. Олар биыл отандық «ЗИКСТО» зауытында құрастырылған.
Бағыт бойынша пойыз Саратовқа дейін №7/8 «Алматы – Саратов» құрамында қатынап, одан әрі №85/86 «Дербент – Мәскеу» пойызына қосылады.
Алматы-2 станциясынан пойыз кешкі 20:20-да жөнелтіледі, ал Мәскеуден кері рейс 30 қазанда басталады.