Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлем елдері ретингінде мұнай қоры бойынша Қазақстан 11-орын алды. Мұнай қоры - 30 млрд баррель. Алғашқы орынға 302,8 млрд баррельмен Венесуэла жайғасты. Одан кейінгі орындар Сауд Арабиясы мен Канадаға тиесілі. Бұл туралы energyprom.kz сайты жазды.
Елімізде ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында 61,2 млн тонна шикі мұнай өндірілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6%-ке аз.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына 55 млн тонна мұнай экспорттады. ТМД елдеріне 120,3 млн АҚШ долларына 439,4 мың тонна шикі мұнай жөнелтті. ТМД елдері арасында қазақстандық мұнайдың негізгі импортері – Өзбекстан. Қалған елдерге 18,6 млрд АҚШ долларына 54,6 млн тонна мұнай жіберілді.